Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алғы сөз!

Алтықарасу мектеп-балабақшасының сайтына Қош келдіңіздер!!!

Алтықарасу мектеп-балабақшасының  ірге тасының қаланғанына 97 жыл толып отыр. Темір ауданы бойынша тарихы кең үлкен білім ордасының бірі 1926 жылы алғашқы песионат болып ашылып, кейін жеті жылдық мектеп, орта мектеп болып құрылған. Мектеп жанында 120 балаға арналған мектеп интернаты жұмыс жасаған. Соғыстан кейін Ойыл ауданында екі орта мектеп болған. Біреуі Ойылдың өзінде екіншісі Алтықарасу орта мектебі. 1992 жылы 450 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. Осы уақытқа дейін мыңдаған түлектер тәрбиелеп ұшырған. Алтықарасу орта мектебі 2008 жылы Темір ауданы әкімінің қаулысымен Алтықарасу мектеп-балабақшасы болып өзгертілді. Қазіргі таңда Алтықарасу мектеп-балабақшасында 126 оқушы және 37мұғалім қызмет атқарады. Мектеп балабақшада 50 бүлдіршін тәрбие алады.

Ақтөбе облысы,

Темір ауданы,

Алтықарасу мектеп-балабақшасы КММ

Көшесі:С.Аманғосов №2 үй

Телефон: 8-713-46-79-4-00

Электрондық почта: info@altykarasu-temir.edu.kz